Арыс қаласы "Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты" N3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де мектеп тарихындағы алғашқы зейнеткер ұстазымыз Байхожаева Зауре апаймызды зейнеткерлікке шығарып салу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараны мектеп директоры Керімбай Жұмахан Қарсанұлы ашып берді.
Кеш қонақтары Түркістан Облыстық мәслихат депутаты Әбіш Дулат Назарбекұлы , Арыс қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхаев Жұматай ағай және де мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы
Байысбеков Айдар ағайларымыз келіп, ақ тілектерін білдірді. Және де 25 жыл ұжымдас болған Қ. Байменов мектебінен ұстаздары келіп, жылы лебіздерін білдірді.
Өз кезегінде біз, Зауре апайымызға зор денсаулық, бейнеттің зейнетін көруді тілейміз!