Арыс қаласының "Адами әлеуетті дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "М.Тынышбайұлы атындағы жалпы орта мектебі"КММ-де әдістемелік жұмыс жоспарына сай мектеп директорының 2023 жылдың 10-14 сәуір аралығында "Ғасырдың ғажап үш тірегі" атты математика, информатика және физика пән бірлестігінің апталығы болып өтті. Аталған апталыққа
Мектеп директоры Керімбай Жұмахан Қарсанұлы мен
ДОЖЖО С.Елтаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды.

Мақсаты:
Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, еліміздегі ғылымдарымыздың жетістіктерін көрсетіп, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру,ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;
Міндеттері:
1.Оқушылардың нақты ғылымдардың ХХІ ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
2. Әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу;
3. Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату;

Апталықтың екінші күнінде шығармашыл ұстазымыз Д.Жарасова "Математикалық эстафета " атты тақырыбында сайыс сабақ өтті.
Апталықтың үшінші күнінде физика пәні мұғалімі С.Елтаев "Қызықты тәжірибелер алаңы " тақырыбында 7-сынып оқушыларымен тәжірибелік сабақ өтті.
Аталған апталықтың төртінші күнінде информатика пән мұғалімі Л.Базарова "Жүзден жүйрік -мыңнан тұлпар " тақырыбында 8-ші және 9-сынып оқушыларымен сайыс сабақ өтті.
Ұстаздарымыз апталық аясындағы іс-шарада оқушыларға тапсырма орындату арқылы білімін тексеріп, оқушылардың қызығушылығы мен білімін ескеріп, сыйлық сыйлап, көңіл-күйін көтерді.

Осы іс шараға атсалысқан барлық ұстаздарымызға шығармашылық табыс және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз!!!