^Жоғары

Директордың жеке блогы

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 148 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Статьи и обзоры nachodki.ru

Түркістан облысы, Арыс қаласының "Адами әлеуетті дамыту бөлімі" ММ-не қарасты «М.Тынышбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі 2022-2023 оқу жылын аяқтау және оқушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы хабарлайды.

Түркістан облысы, Арыс қаласының "Адами әлеуетті дамыту бөлімі" ММ-не қарасты «М.Тынышбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі 2022-2023 оқу жылын аяқтау
және оқушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы хабарлайды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №88 бұйрығына сәйкес:
1. 2022-2023 оқу жылының оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамыр;
2. Бітіруші 9 сыныптарда оқушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығы;
3. Бітіруші 11 сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 2023 жылғы 5-19 маусым аралығы;
4. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілді.
9-сынып оқушылары үшін:
1) қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілі бойынша (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;
11 сынып оқушылары үшін:
1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым.
5. 2022-2023 оқу жылының бітіруші оқушылардың жалпы орта және негізгі білім туралы аттестаттарды тапсыру 20-22 маусым аралығында өткізіледі

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ 1- СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ.

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ
1- СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ.
Арыс қаласы "Адами әлеуетті дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "М.Тынышбайұлы атындағы жалпы орта мектебі" КММ-не 2023-2024 оқу жылына 1- сыныпқа оқушы қабылдайды .
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.
🔸
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Хабарласу телефондары:
ДОЖЖО Елтаев Сейсенбек Мұхтарұлы. +77053517794
Возможно, это изображение текст «1 сыныпка кабылдау барысында 5 кужат талап етлед. ата-ананын HEMECE занды еклдернен eTiHwI баланын туу туралы куэлгнин KOwIPMECI бала денсаулыбы паспорты 026/у-3 EcEп нысаны №063/y нысаны бойынша денсаулык жардайы туралы аныктама 3X4 келеминдег сурет -ΕΚΙ дана 1 сынып»
Copyright © 2024. Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #