^Жоғары

Директордың жеке блогы

Сайтқа кіру

Сайт қонақтары

Қазір 153 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Статьи и обзоры nachodki.ru

М.Тынышбаев – шұғылалы оңтүстікке теміржол салған тұңғыш қазақ

Жуырда ғана, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 741 қаулысымен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Қызылкөпір ауылындағы «№3 жалпы орта білім беретін мектебіне» Мұхамеджан Тынышбайұлының есімі берілді. Осы жаңалықтың басы-қасында жүрген азамат ретінде, соңғы 3-4 жылда мазамды алып жүрген тақырып ретінде, Мұхамеджан Тынышбаевтың өткен өміріне үңіле түстім.
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Алматы облысы Қабанбай ауданы) дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады.
Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пен өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны алтын медальмен бітіріп, император Александр 1 атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Оны 1906 жылы бітіріп шығады.
Халқымыздың тарихының бұрын зерттелмеген қиын кезеңдеріне арнап, дереккөздері бай, ғылыми тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер жазады. Оның тарихты терең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі қарастыруынан байқалады. Бұл пікірге Тынышбаев еңбектеріндегі «Қырғыз-қазақ руларының шежіресі», «Қырғыз-қазақтың шығу тегі», «Қазақ этнонимі туралы», «Алтын Орданың күйреуі», «Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Ақтабан шұбырынды» сияқты көптеген еңбектерінің бар екендәгәмен таныстым.

Толық: М.Тынышбаев – шұғылалы оңтүстікке теміржол салған тұңғыш қазақ

Мұхамеджан Тынышбайұлының отбасы туралы

МұхамеджанТынышбайұлы
(1879 - 1938)

ҚАЗАҚТЫҢ көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, шежіреші, тарихшы - ғалым, ҚАЗАҚТАН шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
123

Толық: Мұхамеджан Тынышбайұлының отбасы туралы

Copyright © 2024. Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Facebook # #