"Ғасырдың ғажап үш тірегі" атты математика, информатика және физика пән бірлестігінің апталығы

Арыс қаласының "Адами әлеуетті дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "М.Тынышбайұлы атындағы жалпы орта мектебі"КММ-де әдістемелік жұмыс жоспарына сай мектеп директорының 2023 жылдың 10-14 сәуір аралығында "Ғасырдың ғажап үш тірегі" атты математика, информатика және физика пән бірлестігінің апталығы болып өтті. Аталған апталыққа
Мектеп директоры Керімбай Жұмахан Қарсанұлы мен
ДОЖЖО С.Елтаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды.
✅ Мақсаты:
Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, еліміздегі ғылымдарымыздың жетістіктерін көрсетіп, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру,ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;
Міндеттері:
1.Оқушылардың нақты ғылымдардың ХХІ ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
2. Әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу;
3. Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату;
✅ Апталықтың екінші күнінде шығармашыл ұстазымыз Д.Жарасова "Математикалық эстафета " атты тақырыбында сайыс сабақ өтті.
Апталықтың үшінші күнінде физика пәні мұғалімі С.Елтаев "Қызықты тәжірибелер алаңы " тақырыбында 7-сынып оқушыларымен тәжірибелік сабақ өтті.
Аталған апталықтың төртінші күнінде информатика пән мұғалімі Л.Базарова "Жүзден жүйрік -мыңнан тұлпар " тақырыбында 8-ші және 9-сынып оқушыларымен сайыс сабақ өтті.
Ұстаздарымыз апталық аясындағы іс-шарада оқушыларға тапсырма орындату арқылы білімін тексеріп, оқушылардың қызығушылығы мен білімін ескеріп, сыйлық сыйлап, көңіл-күйін көтерді.
✅ Осы іс шараға атсалысқан барлық ұстаздарымызға шығармашылық табыс және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз!!!