"Жаңа Қазақстан, Күшіміз бірлікте" атты қалалық өнер фестивалі.

Арыс қаласы "Адами әлеуетті дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен "Жаңа Қазақстан, Күшіміз бірлікте" атты қалалық өнер фестиваліне "М.Тынышбайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің" атынан 5-сынып оқушыларынан құралған "Баянсұлу" би тобы қатысып, өз өнерлерін көрсетіп қайтты. Жетекшісі Г. Айтуова
Мақсаты: Ел ішіндегі талантты, өнерлі оқушыларды анықтау, өнердің тылсым сырын үйретіп, шығармашылықтың шыңына жетелеу.